Популярные сообщения

среда, 7 июня 2017 г.

8 наурыз: мектеп мерекесіне арналған сценарий

8 наурыз: мектеп мерекесіне арналған сценарий



Зал мерекелік кешке сай безендірілген.
Аналарға, қыздарға арналған құттықтау қабырға газеттері, шарлар ілінген.
Екі жүргізуші (екеуі де жігіт)


1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті аяулы аналар, ұстаздар және де гүлдей құлпырған, даланың лала гүліндей жайқалған қыздар!


2- жүргізуші:
Бүгінгі келіп жеткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар күні, қыздарымыздың төл мерекесі құтты болсын!


1- жүргізуші:
Аналарым, әжелерім ақ маңдай,
Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай.
Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті,
Сұлулыққа басын иіп жатқандай.


2- жүргізуші:
Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың,
Өлеңіңді өлеңіме жалғадым.
Мың сұлудың алдындамыз қарашы,
Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың


1- жүргізуші:
Иә, арман демекші, армандау әрбір оқушының қасиеті. Болашақ түлектер, білімді ұрпақ. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелеуші кім?


2- жүргізуші:
Ұстаз! Ұстаздың қолына әкеліп, бізді тапсыратын кім?


1- жүргізуші:
Аналар! Анамыздан тығып сарқытын беретін кім?


2- жүргізуші:
Әжелер! Әжелерінің сүйікті әрі сұлу немерелері кім?


1- жүргізуші:
Қыздар! Барша әйелдер қауымы БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Әлемнің асылы – сұлулар» атты концертімізге қош келдіңіздер!


2- жүргізуші:
Сахнада мектебіміздің күміс көмей, жез таңдай әншісі, жігіттің сұлтаны *********************** қарсы алыңыздар!


1- жүргізуші:
Аналар демекші, анаңа осы мереке күні қандай сыйлық берейін деп жатырсың?


2- жүргізуші:
Білмеймін әлі. Бәлкім гүл алатын болармын.


1- жүргізуші:
Әпкең мен әжеңе ше?


2- жүргізуші:
Айта бермеші, онсыз да басым қата бастады. Тез өтіп кетсе екен.


1- жүргізуші:
Жылына бір келетін мерекені тез өтіп кетсін дегені несі, қой қайта қуану керек. Аналардың мерекесі ғой.


2- жүргізуші:
Бір нәрсе айтайыншы, қызыңа не аласың?


1- жүргізуші:
Ойбу, мереке тез өтіп кетсе екен.


2- жүргізуші:
Әрине, мұның бәрі әзіл. Біз концертімізді әрі қарай жалғастырамыз. Ортада өзінің аналарға арнауымен ********************************* қошеметтеріңіз!


1- жүргізуші:
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар. ( әнін әндетіп сахнаға жүргізуші шығады)


2- жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған. (екінші әнді орындап екінші жүргізуші шығады).


1- жүргізуші:
Шынымен, әлем ақындары таң қалатындай, қыздар қауымы сұлу ғой шіркін. Олардың күлкісі аққан бұлақтың сыңғыр дауысындай.


2- жүргізуші:
Көздері мөлдір, жаңа жауған жаңбырдың тамшысындай.


1- жүргізуші:
Жүздері жұлдыздан жаралғандай, жарық шашып тұрады.


2- жүргізуші:
Жә, осы жерден тоқтатып, келесі өнерпаз жігіттерге кезек берейік. Өздерінің қағытпа-қалжыңдарымен жігіттерден құралған жайдарман құрамасын қарсы алыңыздар.
(әзіл ойнайды. 5-10 минут арасы)


1- жүргізуші:
Нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра демекші, ортада күмбірлеген күйімен ****************** қарсы алыңыздар!


2- жүргізуші:
Осы әйелдер қауымын «әлемнің сегізінші кереметі» десем сенесің бе?


2- жүргізуші:
Әлемнің жеті кереметін бәріміз білеміз, сол секілді қыздарды білмейтін адам жоқ қой.


1- жүргізуші:
Сен қызықсың, жігіттерді де біледі ғой.


2- жүргізуші:
Жоқ, бізді біледі. Бірақ біз олар секілді еленіп-ескерілмейміз ғой. Олардың сұлулығына тамсанып қанша ақын жыр жазды, ән жазылды, күй шықты, тіпті, білмеймін енді.


1- жүргізуші:
Қой, олай көңіліңді түсірме. Сен негізі білмейді екенсің. Олар тек бүгін, 8 наурыз күні ғана еленеді. 365 күннің бір күні ғана нәзік жандылардың, ал қалған 364 күн біз секілді нәзік емес жандардың күні ғой. Қайта мақтан!


2- жүргізуші:
Оны ойламаппын. Жарайды. Қарсы алыңыздар, ортада тамаша әнімен *****************************


1- жүргізуші:
Мен бүгін ұстаздар қауымын және қыздарымызды сұрақтың астына алғым келіп тұр. (Қыздарға арналған немесе интеллектуалды сұрақтар топтастырып қоюға болады).


2- жүргізуші:
Көктемменен құлпырып,
Жүректерге нұр тұнып.
Қайта жарды бүршігін,
Бәйшешектер бұлқынып.


1- жүргізуші:
Мерекесі асылдың,
Мерейін ал асырдым.
Сұлулары әлемнің,
Сұлулары ғасырдың.


1- жүргізуші:
Сіздерге шын жүректен бақыт және сұлулық тілейміз. Қартаймаңыздар. Мәңгі жасыл шыршадай құлпырып қасымызда жүре беріңіздер!


2- жүргізуші:
Әжелерім, аналарым, ұстаздарым, еңбектеріңіз жемісті болсын. Әрбір отбасының ұйытқысы, бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербетіп жүре беріңіздер! Тағы да мерекелеріңізбен! Келесі күнде жолыққанша сау болыңыздар!


Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!



Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған.



Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық.



Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын.


Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!

Комментариев нет:

Отправить комментарий